Атырау, 2 маусым 03:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +29
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

​Мұз астынан балық аулау ережесі өзгерген жоқ

3 649 просмотра

Image 0Жайық өзенінде мұз қатқан соң әуесқой балықшылар мұз астынан балық аулауды бастайды.

Балық қорғау инспекциясының ақпараттары бойынша, әуесқой балық аулау бір балықшыға әр түрлі бес бастан аспайтын қармақпен 5 келіге дейін тегін жүргізіледі. Тыйым салынған күндер – сейсенбі мен сәрсенбі.

Төмендегі балық қыстайтын жерлерден аулауға тыйым салынады:

Бұрғылаушылар – Ақжар ауылына қарсы бет;

Теңдік – Теңдік ауылына қарсы бет,

Водозаборная – «Атырау Су Арнасы» қалалық су тоғаны (1-учаске);

Судан құтқару қызметі ғимаратының тұсы;

Қалалық – АМӨЗ су тоғанына қарсы.

Сондай-ақ, көпірлер астында тәуліктің қараңғы кезінде балық аулауға болмайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

24 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.