Атырау, 19 мамыр 22:13
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бағдаршам керек

2 083 просмотра

- Күн сайын біз Нұрсая ықшамауданына қарай Әбілқайыр хан даңғылына өтуге және шығуға қатысты проблемаларға тап боламыз. Осы жерде үнемі көлік апаттары орын алады. Аталмыш қиылысқа бағдаршам қашан орнатылады? Әкімшілік полиция аталмыш қиылыстың артындағы даңғылда орналасқан жылдамдық өлшегішті қала орталығы бағытына шамамен жиырма метрдей жерге ауыстыруды қарастыра ма?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық ІІД ӘПБ бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

– Әкімшілік полиция басқармасы Атырау қалалық әкімдігіне аталмыш қиылысқа бағдаршам нысанын орнату туралы ұсыныс жолдады. Бұл ұсыныс қазіргі уақытта қарастырылуда. Red Speed жылдамдық өлшегішін қайта орнату орынсыз болып табылады. Өйткені, осы қиылысқа бағдаршам нысанын орнату жоспарланған. Ал жылдамдық өлшегішті ауыстыру қосымша қаржыны қажет етеді.

3 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.