Атырау, 20 мамыр 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бірінші сынып проблемасы

4 580 просмотра

–№3 мектеп-гимназиясында бастауыш мектепке арналған оқу кабинеттері жетіспейді. Бірінші сыныптардың бірінде оқитын балалардың ата-аналарынан ақша жинап, мектеп дәлізінен кабинет жарақтау ұсынылыпты. Қазір бірнеше бірінші сынып жоғарғы звено жақта оқуда. Бұл бірінші сыныптықтар үшін өте қолайсыз әрі қауіпті. Таяу уақытта №3 мектептің жүгіне қатысты проблема шешілер ме екен?

azh.kz сайтынан

Сұраққа қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Алмабек АБДОЛОВ жауап берді:

– №3 бастауыш мектеп-гимназиясында 1 012 оқушы оқиды, оның 269-ы - бірінші сыныптықтар. Бұл 12 сынып-комплект. Әр сыныпта толымдылық 30-дан астам оқушыны құрайды. Бала санының көптігіне байланысты бастауыш мектеп үшін шынымен де кабинеттер жетіспейді. Сондықтан кейбір бастауыш мектептер жоғарғы топ кабинеттерінде сабақ оқиды. Бұл оқу процесіне әсер етпейді.

Қазіргі кезде қала мектептеріндегі бала санының көптігі тек осы оқу орнында ғана проблема болып отырған жоқ. Осы проблеманы Нұрсая ықшамауданында мектептің жоқтығы салдарынан, әсіресе, №№16, 5 мектептер, №30 мектеп-гимназия бастан өткеруде. Аталмыш оқу орындарының жүгін жеңілдету бойынша Нұрсаяда салынып жатқан мектеп үлкен үміт ұялатып отыр.

Биыл қала мектептері, өткен жылдарға қарағанда, 1000-ға көп бірінші сыныптықтарды қабылдады. Бұл 2008-2009 жылдары туу санының жоғары болғандығын көрсетеді. Осыған байланысты көптеген мектептерде 6-7-ден, кейбірінде 10-12-ден сынып-комплект құрылды.

3 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.