Атырау, 8 мамыр 06:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Обама Парижде теракт құрбандарын еске алды

1 858 просмотра

Image 0Фото: ReutersАҚШ президенті Барак Обама Парижде БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты конференциясының ресми түрде басталуына бірнеше сағат қалғанда таяуда осы қалада болған терактілер құрбандарын еске алды.

Барак Обама мен Франция президенті Франсуа Олланд және Париж мэрі Анн Идальго "Батаклан" концерт орталығының алдына гүл шоқтарын қойды. Мұнда 13 қарашада жанкешті терроршылардың шабуылынан 90 адам қаза тапқан.

Париж үстінде қазір тікұшақтар қарауылдап, полиция 130 адамның өмірін қиған терактілер болған көшелерді жапқан. Францияда терактілерден соң төтенше жағдай жарияланған.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да 30 қарашада Франция премьері Мануэль Вальспен бірге "Батаклан" орталығына барды.

Дереккөз: azattyq.org

30 қараша 2015, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.