Атырау, 26 сәуір 11:10
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Париж лаңкестерінің қару-жарақты қайдан алғаны белгілі болды

1 695 просмотра

13 қараша күні Парижде бірнеше теракт ұйымдастырған лаңкестер шабуыл кезінде қолданған автоматтарын Германиядан Интернет арқылы тапсырыс беріп алған, - деп хабарлайды РИА Новости неміс ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, қару-жараққа тапсырыс қарашаның басында Баден-Вюртемберг жеріндегі дилерге берілген. Олар қытай өндірісіндегі екі АК-47 автоматы мен югославиялық екі Zastava М70 автоматы, олар Калашников автоматтарының лицензияланбаған көшірмелері болып табылады.

Қару-жарақты сатқан адам қазір Штутгарттегі тергеу изоляторында отыр. Тәркіленген смартфонында электронды пошта арқылы жазған жазбалары сақталып қалыпты, олардан қару-жарақтың "Париждегі арабқа" сатылғанын көруге болады.

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 қараша 2015, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.