Атырау, 26 сәуір 14:52
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ескі банкноттарға бір ай қалды (Мерзімді ұзарту туралы толықтыру)

16 412 просмотра

ҚР Ұлттық банкі еске салады: бірқатар үкімет қаулысын орындау үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 000, 5 000, 10 000 теңге номиналындағы банкноттар айналымнан шығады. Барлығы 2006 жылы шығарылған үлгілер, яғни, «ескі үлгідегі ақша белгілері».

Жаңа жылдан бастап ескі үлгідегі ақша белгілері ел аумағында барлық төлем түрлері бойынша заңды төлем құралы болудан қалады. Яғни, суретте бейнеленген (суретте) банкноттар 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болады. Әрі қарай оларды екінші деңгейлі банктерде немесе ҚР Ұлттық банк филиалдарында айырбастау мүмкін болады.

12 ай өткеннен кейін екінші деңгейлі банктерде тағы үш жыл бойына ескі үлгідегі ақша белгілері оларды жаңасына ауыстыру және әрі қарай оларды ҚР Ұлттық банктің филиалдарына Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген талаптарға сәйкестігін сараптамаға жіберу үшін қабылдана береді.

Ұлттық банктің филиалдары 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап және төрт жыл бойына жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды жүзеге асыра береді.

ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бас маман-экономисі Ерболат АҚТАНБАЕВТЫҢ айтуынша, банкноттар олардың шығарылған айналыс мерзімі біткеннен кейін айналымнан алынып тасталады. Бұл шара айналымда қалған ақша белгілерінің дизайны (пішіні) ауыстырылу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

28 қарашада ҚР Ұлттық банкі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңге номиналды банкноттарды 2016 жылғы 3 қазанға дейін айналымға қалдырып, біртіндеп шығару туралы шешім қабылдады. Аталған мерзімге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық аумағында ешқандай шектеусіз төлемдер және банктік операциялар үшін қолданылады.

Содан кейін - 2016 жылғы 4 қазан мен 2017 жылғы 3 қазан аралығында – 12 ай ішінде осы ақшаларды кез келген екінші деңгейлі банктерден ауыстыру қажет.

Осы кезеңнен кейін қалған барлық 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 номиналды банкноттар 2020 жылғы 3 қазанға дейін ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалдарында қабылданады. 2020 жылғы 1 шілдеден кейін ғана бұл банкноттар жарамсыз болып қалады.

Жоғарыда аталған банкноттарды аустыру тегін, еш комиссиясыз немесе ауыстырғаны үшін ақы алмай жүзеге асырады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 қараша 2015, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.