Атырау, 26 сәуір 07:38
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Белорустарға қызықты

1 516 просмотра

Белорустық құрылыс компаниялары Атырауда біріккен кәсіпорындар құруға мүдделі. Бұл туралы өңірлік Кәсіпкерлер палатасында болған кездесуде айтылды.

Бұл белорустық бизнесмендердің өңірімізге екінші рет келуі. Алғашқыда танысу үшін келген еді. Бұл жолы олар біріккен жобалар, атап айтсақ, құрылыс индустриясы саласында іс бастауға нақты мақсаттар қоя келіпті. Қонақтар бірқатар құрылыс нысандарына барып, жергілікті бизнеспен ынтымақтасу нүктелерін анықтады.

- Сіздердің өңірлеріңіз сапалы саз қоры жеткілікті, ал Гомельде кірпіш шығаратын зауыт бар. Бірлескен кәсіпорын құруға болады: шикізат сіздерден, технология мен жабдықтар бізден, - деп атап өтті «Гомель облыстық құрылыс кешені басқармасы» ММ бас директоры Владимир ЛОБАЦЕВИЧ.

Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы мен Белорус сауда-өнеркәсіптік палатасының Гомель бөлімі Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Үстіміздегі жылдың бес жылы ішінде Атырау облысы мен Белоруссия арасындағы сауда айналымы 2 млн долларды құрады. Бүгінде өңірімізде белорустық капиталдың қатысуымен бес кәсіпорын жұмыс жасайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 қараша 2015, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.