Атырау, 26 сәуір 10:20
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қауіпті қалдықтар

7 511 просмотра

Табиғат қорғау прокуратурасы қауіпті қалдықтарды пайдалану, орналастыру және сақтау ережелерінің орындалуына қатысты тексеру жүргізді.

Табиғат қорғау прокурорының орынбасары Нұрлан ӨМІРЗАҚОВТЫҢ айтуынша, «Матен» ЖШС БК, «Самек Интернешнл» ЖШС-не және «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» компаниясының Атырау филиалына тексеру жүргізілген. «Матен» ЖШС-де қауіпті қалдықтар полигонда бір-бірімен араласып жатыр. Қалдықтар түрі, олардың қауіптілік деңгейі және олардың көмілген уақыты көрсетілген маңдайша жоқ. Әлі күнге дейін төтенше жағдай туындай қалғанда әрекет ету жоспары дайындалмаған. Тексеру кезінде кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық аймағында 30 орындық жатақхана салуға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алмағаны анықталды. Осыған ұқсас заң бұзушылықтар басқа екі шаруашылық нысандарынан анықталды. Алты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Лев ГУЗИКОВ

16 қараша 2011, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.