Атырау, 8 мамыр 16:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Бала мүддесі ескеріледі

2 060 просмотра

– Азаматтық некеде дүниеге келген балам бар. Ол бұрынғы азаматтық некедегі зайыбымның фамилиясын алған еді. Қазір баламның әкесі оның тәрбиесіне еш қол ұшын бермейді: алимент те төлемейді, баласына да келмейді. Тіпті оны қайдан іздерімді де білмеймін. Ол әкелік парызын атқармағандықтан, баламның фамилиясын өз атыма ауыстырғым келеді. Бұл мүмкін бе?

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің заңгері Аслан ЖОЛБОЛОВ комментарий береді:

– Кәмелетке толмаған балалардың аты мен фамилиясын өзгерту мәселесі «Неке және отбасы туралы» Заңның 56-бабымен реттеледі. Бұл бапта былай делінген: баланың фамилиясын өзгерту бала он алты жасқа толғанға дейін азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, ата-анасының бірлескен өтініші бойынша жүргізіледі. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес.

Мұның соңғысы сіздің жағдайыңызға сәйкес келеді деп ойлаймын. Алайда бала он жасқа толғанда фамилиясын өзгерту тек оның келісімімен ғана жүзеге асырылатынын есте сақтаңыз.

9 қараша 2011, 19:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.