Атырау, 26 сәуір 14:51
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Құрманғазыда қамыс жанып жатыр

2 710 просмотра

Image 0Құрманғазы ауданында Ганюшкино ауылы мен оның маңындағы елді мекендердің тұрғындары үшінші күн бойы түтінге тұншығып отыр: теңіз жағалауындағы қамыстар өртеніп жатыр. Әсіресе науқас адамдарға бұл ауыр болып тұр.

Шынын айтсақ, жағалаудың әр жеріндегі қамыс екі айдан бері жанып жатыр, елді мекендердің түтінге орануы желдің бағытына байланысты болып отыр. Өрт Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округында басталды. Өрт шығу ошақтары байқалған учаскенің жалпы көлемі шамамен 60-40 шақырымды құрайды.

- -Бірақ аудан қарап отырған жоқ, техниканы, адам күшін жұмылдырғанымен өртті ауыздықтау мүмкін болмауда. Әзірге 25 км ғана өшіре алдық. Себебі Теңіз жағалауындағы қалың қамыс өскен сулы жерден, көзге түрткісіз түтіннен техника бара алмайды. Өрт сөндірушілердің апарған суы демде бітіп, кері барғанша көп уақыт жойып отыр. Біз облыстан көмек сұрап жатырмыз. Бүгін екі өрт сөндіргіш, екі ваккум, екі водовозды жіберіп отырмыз. Оған да мүмкін болмаса не істейтінімізді білмейміз. Тек облыстан жәрдем күтеміз,-дейді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Рүстем НАСИБУЛЛАЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 қыркүйек 2015, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.