Атырау, 26 сәуір 13:04
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Талап орынсыз

2 532 просмотра

- Мен мектеп мұғалімімін. Былтыр белгілі себептермен үш айлық деңгейлік курс бағдарламасынан өте алмадым. Оның үстіне бұл оқу бағдарламасынан өту ерікті түрде жүргізіледі делінген болатын. Ал, мен жұмыс істейтін мектептің директоры күнтізбелік жоспарымды сол үш айлық деңгейлік курстың бағдарламасы бойынша құруымды талап етіп отыр. Бұл талабы орынды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ жауап берді:

- Атырау қаласы бойынша Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2013 жылдың 4 қаңтарындағы №1 бұйрығына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған үш деңгейлік бағдарламалар бойынша педагогтардың біліктілігін арттыру жұмысы жүргізілуде. Мақсаты білім беру үдерісінде жаңашылдық енгізу, жаңаша жоспарлау, педагогтардың құзыреттілігін арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу. Қазіргі таңда 526 мұғалім курстан өтті. Курстан өткен мұғалімдер сабақтарын ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар негізінде құруға міндетті. Ал деңгейлік курстан өтпеген мұғалімдерден жоспарды бұлайша құру талап етілмейді. Дегенмен 1,2 деңгейлік курстан өткен мұғалімдер өздеріне тәлім алушы ретінде мұғалімдер алып, оларға осы бағдарлама бойынша жоспар құруды үйрете алады. Тәлім алушы мұғалімдер еріктері бойынша деңгейлік курстан өтпесе де, ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспармен сабақтарын жоспарлай алады.

3 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.