Атырау, 24 қыркүйек 11:33
Күндіз ашық+24, кешке +17
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Дауа іздеме, өзі келеді

18 тамыз 2015 11:00

Image 0Атырау қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша үкім шығарды.

Айыптау жорамалдары бойынша, Құлсары қаласында тұратын «іскер» әйел қомақты ақшаға «Құранмен бал ашып», «дуа» алған. Бір қызығы, халық арасына өзі барып, «дуаланғандарды» жұмыс орнынан өзі тауып алып отырған. Бір зардап шегушінің дүкеніне кірген «емші» оның үйіне салынған «дуаны» бірден сезеді. «Тазалау рәсімін» жасағаны үшін құтқарылушыдан 62 мың теңге алған. Ол осындай жолмен тағы 2 құрбан тапқан.

Бұған дейін де ол алаяқтығы үшін сотталған екен. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, айыпкер кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК-нің 72-бабы 1-тармағына сәйкес, жазаның орындалуы кәмелетке толмаған баласының 14 жасқа толуына дейін 5 жылға шегерілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1179 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Дауа іздеме, өзі келеді  1 рет қаралды

Күзетті жеңгетайлықпен шатастырған  1283 рет қаралды

Ақшаны алды, бірақ көмектеспеді  1793 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6