Атырау, 19 мамыр 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан сметаға кірмейді

1 691 просмотра

Image 0Қалалық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Өмірбек КАМАЛОВҚА Ракуша ауылының ақсақалдар тобы поселкеге қашан жол салынады деген өзекті мәселелерімен келді.

Әңгіме поселкеішілік Ынтымақ пен Қазақстан және негізгі – Сақпаров көшелері туралы болып отыр. Тұрғындардың айтуынша, Сақпаров көшесіне жол салу жұмыстары басталып, тоқтап қалған.

Өмірбек ЖҮСІПҚАЛИЕВ, Ынтымақ көшесінің тұрғыны:

Сақпаров көшесінде жол сала бастаған секілді еді, мектепке дейін салып, тоқтатып тастады. Бірақ бізде негізгі трассаға шығатын жер болмағасын, бұл жолдан ешқандай пайда жоқ: мектепке де, балабақшаға да жете алмаймыз, «жедел жәрдем» де келе алмайды. Сақпаровқа шығу үшін бізге бүкіл поселкені айналып өтуге тура келеді.

Тұрғындардың айтуынша, қалалық әкімдікке олар 2010 жылдан бастап өтінішпен шығып келеді екен. Содан бері қарай оларға Ынтымақ пен Қазақстан көшелерін асфальттау жұмыстарын жобаға енгізуге уәде беріп келеді, бірақ әлі күнге дейін жолдар жоқ.

Жақып САТЫБАЛДЫ, Қазақстан көшесі:

Қаңтарда жобаға біздің поселкенің бес көшесін енгіздік, соның ішінде Ынтымақ пен Қазақстан бар деді. Бірақ көктемде жоспардан Сақпаровтан басқа барлық көшені алып тастағаны белгілі болды. Егер поселке ішінде асфальт болмаса, біз Сақпаровқа қалай жетеміз?

Кейінірек Ө. Камалов, құжаттармен танысып және осы көшелермен жүріп өтіп, сол жерде тұрғындарға:

- Қазіргі уақытта қаржы тек Сақпаров көшесін асфальттауға ғана бөлінген. Ынтымақ көшесіне келер болсақ – жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзір, бірақ салуға қаржы жоқ. Келер жылы ескерілетін болады. Қазақстан көшесі ЖСҚ-да жоқ, сондықтан алдымен ЖСҚ-ға қатысты мәселені шешу керек. Содан кейін ғана құрылысқа қаржы бөлу туралы мәселе қозғалады, - деді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

11 тамыз 2015, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.