Атырау, 19 мамыр 05:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Маршрут дауы» басылады ма?

2 049 просмотра

Image 057-інші («АйсТрансХолдинг» ЖШС-ке қарайды) және 5-маршруттар («Наурызбеков» ЖК) жүргізушілері арасындағы жанжалға нүкте қойылды.

Естеріңізге салсақ, 3 тамызда №57 маршрут жүргізушілері 5-маршрутқа қарсы шығып, прокуратура ғимаратының алдына ереуілге шықты Маршрут дауы» мақаласын қараңыз). Олардың 5-маршрутқа Дина базарына кіруге тыйым салынсын деген талабын сол күні қалалық ТКШ бөлімінің көлік, энергетика және байланыс секторының басшысы Қуаныш ИБРАГИМОВ қанағаттандырған еді. Бұдан бірер күн бұрын Құрсай ауылы тұрғындарының өтініші бойынша 5-маршруттың Дина базарына кіруіне рұқсат беріліп, сызбаны әкімдіктің бекітуі бұл даудың ушығуына әкеліп соқты. 57-маршрут жүргізушілерінің ұстанымы да түсініксіз. Олар «бес» Дина базарынан клиенттерін алып кетеді деп уәж айтты. Біріншіден, 5-маршрутта 4-5 Газель ғана жүрсе, 57-маршрутта 4 есе көп көлік бар; екіншіден, «бестің» соңғы аялдамасы Құрсай ауылы да, 57-нің соңғы нүктесі – Зарослый ауылы.

Қалалық ТКШ бөлімі басшысының м.а. Өмірбек КАМАЛОВ, бұған дейін сөз бергендей, екі тасымалдаушы – «АйсТрансХолдинг» ЖШС (Мақсот СҮЙІНОВ) пен «Наурызбеков» ЖК (Ербол НАУРЫЗБЕКОВ) басшыларын өзінің кабинетіне жинады.

«Беске» «Дина» базарына кіруге рұқсат бергенмен, маршрутын өзгертті. Енді «бес» Құрсай - Балықшы – Азаттық – Махамбет – Абай – Канцев – Амандосов – Сатыбалдиев – «Дина» базары – СПМ-163 – С. Датов – СМП-136 – Элеваторная көшесі – Химпоселок – химзавод (соңғы аялдама) сызбасы бойынша жүреді.

Қалалық ТКШ бөлімі көлік секторының маманы Қуантай ҚАЛМАННЫҢ айтуынша, жаңа сызба бекітіліп, бірер күнде жүргізушілерге таратылады:

- Құрсай тұрғындары Химпоселокқа кіргілері келмеді, алайда сол жақтан да адамдар өтініш айтып келгендіктен біз олардың да, Құрсай тұрғындарының да талаптарын қанағаттандырып, оларға «Дина» мен Химпоселокқа кіруге рұқсат беріп, соңғы аялдаманы «Химзавод» еттік.

57-маршрут жүргізушілерінің ереуіліне қатысты Ө. Камелов басшыларына ескерту берді. Ал жүргізушілер арасындағы «жарысу» мен қақтығыстар турасына келсек, кімнің қалай жүргенін gps арқылы тексеріп отырады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

7 тамыз 2015, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.