Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Жедел жәрдем» жаңа 20 көлік алды

2 333 просмотра

Қалалық жедел жәрдем станциясы Қазақстанда құрастырылған Hyundai фимрасының жаңа 20 реанимобилін сыйлыққа алды.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығының міндетін атқарушы Дина КАМЕЛОВАНЫҢ айтуынша, жаңа көліктердің пайда болуымен жедел жәрдем қызметі медициналық бригадар санын 19-дан 25-ке дейін көбейту мүмкіндігіне ие болып, осылайша нормативтік талаптарға сай келе бастаған. Көліктер санының өзі 18-ден 38-ге дейін көбейе бастады. Әр реанимобильдің бағасы – 5 млн 875 мың теңге, олар үшін қаржы жергілікті бюджеттен төленген.

Атырауда бүгінде орталық жедел жәрдем станциясы және Авангардта, Балықшы мен Привокзальныйда оның үш филиалы жұмыс істейді. Жаңа көліктер барлық станциялар бойынша бөлінетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

7 тамыз 2015, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.