Атырау, 2 мамыр 02:57
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оқиғалар тізбегі

3 013 просмотра

Шілденің 20-сына қараған түні Жайық жағасындағы қонақ үй маңында екі қыз отельдің күзетшісін ұрып-соққан. Бұзақылар ұсталды, ҚР ҚК-нің 293-ші бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Алаяқтық жасады деген күдікпен авангардтық 66 жастағы әйел іздестірілуде. Оның ісінде үш эпизод бар, үшеуінде де алаяқ облыс орталығынан жер телімдерін алуға көмектесемін деп уәде беріп, ақша алған. Махамбет ауданының Таңдай селосының тұрғыны есебінен ол 300 мың теңге олжа тапқан. Исатай ауданының тұрғынынан 800 мың теңге, Атырау қаласының тұрғынынан 1,6 млн теңге алған. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға 62 жастағы әйел шағымданды: белгісіз біреулер үйге кіріп, үстел үстінде жатқан үйге меншік құқығын растайтын құжаттары мен анасының құжаттарын ұрлаған. Ұрлық жасады деген күдікпен шағымданушының інісі ұсталды.

***

Полицияға 34 жастағы қала маңының тұрғыны шағымданды: 13 шілдеде Атырау қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 30 жастағы ауылдасы оны зорламақ болған. Іздеу жарияланды.

***

Полицияға Ташкент көшесінің 30 жастағы тұрғыны хабарласты: ол 29 шілдеге қараған түні Азаттық даңғылы бойындағы үйлердің біріне шақырту бойынша келген «жедел жәрдем» көлігінің артқы әйнегін сындырған. Бұзақы басқа жаққа шықпау туралы қолхатпен босатылды.

***

Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жол-патрульдік қызметімен бірігіп Баутина көшесінде «Ауди» көлігін тоқтатқан. Көлік салонынан марихуана салынған 2 полиэтилен және 2 қағаз пакет табылған. 25 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

Полиция 19 шілдеде Молдағалиев көшесінің бойындағы үйдің подъезінен «Триникс» маркалы велосипедін ұрлап айдап кеткен Баймұханов көшесінің 37 жастағы тұрғынын ұстады. Басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Шілденің 22-сінде кешкісін Гурьевский көшесінде жас жігіт 30 жастағы жаяу жүргіншінің сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Бейнебақылау камерасының көмегімен «ізі суымай» Махамбет ауданының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

Шілденің 25-не қараған түні белгісіз біреулер терезені сындырып, 4-ші ықшамаудандағы дүкеннің ғимаратына түсуге әрекеттенген. Қаскөйлерді қарауыл қорқытып жіберген, ол полицияға хабарлады. Бейнебақылау камерасына «Фольксваген Поло» көлігімен бой тасаланбақ болған екі адам түсіп қалған. Кешікпей жол-көлік қызметінің кезекші экипажы 21 жастағы балықшылық пен 23 жастағы Авангард тұрғынын ұстады.

***

Шілденің 26-да таңертең 52 жастағы ер адам полицияға хабарлады: жаңа ғана 18 жас шамасындағы күмәнді жас жігіт үйінің қақпасының жанына «Лада Гранта» көлігін қойып, ғайып болыпты. Бұған дейін екі сағат бұрын автокөлік Огородный көшесінен ұрланғандығы белгілі болды. Тергеу жүргізілуде.

***

Полиция Сырым Датов көшесінің 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 26 шілдеде жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінің кассирінің сеніміне кіріп, өз машинасына 50 литр бензинді тегін құйып алған. Күдіктіден жауап алынып, ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Атырау облысының тұрғыны Ақтөбе станциясында Алматы-Ақтөбе пойызының жолсерігінен жарты миллион теңгелік зергерлік бұйымдар ұрлады деген күдікпен ұсталды. Заттай айғақтар алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-тармағы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.