Атырау, 20 мамыр 13:07
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Рафаэльдің Римдегі жетістігі

2 492 просмотра

Image 0Халықаралық «Rome-2015» Биеннале өнерін ұйымдастыру комитеті атыраулық Рафаэль СЛЕКЕНОВТІ «Шығарма стилінің бірегейлігі үшін» арнайы дипломмен марапаттады.

Римде арт-жобаға 45 елден 800-ден астам авторлар қатысты. Қазақстан атынан Ұлттық «Тарлан» сыйлығының лауреаты Рафаэль Слекенов қатысты. Оның жұмыстары тіс қаққан еуропалық жұртшылықтың шынайы қызығушылығын тудырды. Арнайы дипломнан бөлек ол Римнен және Аргентинадағы қалалардың бірінен өзінің дербес көрмесін ұйымдастыру ұсынысын алды. Фестиваль қорытындысы бойынша Миландағы Халықаралық заманауи өнер қоры «Өнер тарихын қалыптастыратын бүгінгі суретшілер» каталогын шығаруды жоспарлап отыр. Оған Рафаэльдің де жұмыстары енбек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 маусым 2015, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.