Атырау, 26 сәуір 11:39
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстандық сарбаз Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш берді

1 973 просмотра

Image 043386 әскери бөлімінің командирі, кіші сержант Ержан Әбілмансұров Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш жолдады, - деп хабарлайдыТengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство сайтының мәліметінше, сарбаз турникте екі қолына жаттығу жасаудан әлемдік рекордты жаңартпақ. Ол 1 сағат 40 минутта 400 рет, яғни минутына 25 рет тартыла алады.

Бұл қазақстандық әскерилердің физикалық дайындықтарының міндетті көрсеткіші екен. Турникте екі қолмен дененің жартысына дейін көтерілу керек. Сондықтан да бұл турникке жай тартылудан әлдеқайда қиын және физикалық дайындықты, күшті қажет етеді.

Жаттығудың бұл түрінен қазір әлемдік рекорд жасаушы белорус Максим Трухановец. Ол турникке минутына 21 рет тартыла алады.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 мамыр 2015, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.