Атырау, 26 сәуір 17:43
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жазғы демалыс қалай ұйымдастырылады?

6 148 просмотра

Image 019 мамырда Орталық коммуникация қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз конференциясында мектеп оқушыларының жазғы демалысы талқыланды.

Өкінішке орай, өңірімізде балалардың жазғы лагеріне таңдау өте аз. Қазір облыс бойынша 99 580 бала жазғы «еңбек сіңген демалысқа» шықпақшы. Егер қазір ҰБТ-ға көбірек алаңдаулы түлектерді есептемесек, 94 733 оқушы қалады. Оның 11 701-і әлеуметтік қорғалмаған санатқа (жетімдер, аз қамтылған немесе көп балалы отбасыдан шыққан балалар және т.б.) жатады. Ең алдымен осы топ үшін тегін демалыс ұйымдастыруға әкімдік күш салуда.

Атырау облысында үш жазғы лагерь бар. Олар «Тұлпар», «Жас Өркен» және «Арай», оған қоса «Қазақстан геологы» пансионаты. Бұл жерлерге әдетте интернат мекемелерінің балаларын жібереді. «Аджип» компаниясының демеушілік қолдауымен бірнеше жылдан бері дарынды 40 бала Италияда демалып келіп жүр. Олардың тізімі жасалып қойған.

Бұдан басқа, мектеп жанында тағам берілетін 121 лагерь ұйымдастырылады. Мұнда балалар күні бойы сонда болады. Және тамақ берілмейтін 160 лагерь болмақ. Бұл жерге оқушылар үйірмелерге бірер сағатқа қатысу үшін келе алады. Өз сөзінде облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ жоғары сынып оқушыларының жұмысқа орналасуы туралы айтып өтті. Алайда әңгіме балалардың шаруа қожалықтарындағы өз ата-аналарына көмегі туралы болып шықты.

Облыстық бюджеттен және басқа қаржы көздерінен оқушылардың жазғы демалысына 138,8 млн теңге бөлінеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.