Атырау, 17 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Асфальтты биыл күтіңіз

1 912 просмотра

– Біздің Атырау ықшамауданындағы бүкіл көше асфальтталды. Бірақ біздің Шманов көшесі қалып қойды. Бұл - асфальтталған көшелердің маңында 100 метрдей қашықтықта орналасқан бірнеше үйлер. Осы учаскені әлі дұрыстай алмай келеді. Біз облыс пен қала әкімінің блогтарына әлденеше рет жаздық. Жергілікті билік бізге біресе биылғы жылдың жоспарына енгіздік, біресе келер жылы енгіземіз деп жауап береді. 2009 жылы біздің қала әкіміне жазған хатымызға оның орынбасары Ә.Нұрлығожиев: «Көлік жолдарын, соның ішінде Атырау, Садовод ықшам аудандарындағы жаяу жүргінші жолдарын салу үстіміздегі жылдың жоспарына енгізілгенін хабарлаймыз» деп жауап берген еді. Ал қазір 2011 жылдың қазан айы болды. Ал жолдар әлі жоқ. Шманов көшесі қашан асфальтталады?

Шманов көшесінің тұрғындары

Қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІҢ айтуынша, аталмыш көше биыл асфальтталатын болады. Осымен Атырау ықшамауданындағы бүкіл көшені абаттандыру аяқталмақ.

6 қазан 2011, 20:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.