Атырау, 17 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Салық төленбейді

1 807 просмотра

– Біз ресейлік серіктестерімізбен жұмыс жасай бастадық. Олардан Қазақстанға өткізу үшін тауарлар сатып аламыз, ал олар бізге рубльмен шот-фактураларын жібереді. Біздің бухгалтеріміз компания резидент болмағаны үшін 20 пайыз салық төлеуі тиіс дейді. Бірақ осы фирмамен 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Қазақстанның басқа қалаларындағы таныстарым мұндай салықты төлемейді. Резидент болмағаны үшін салық төлеуім керек пе?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық Салық департаментінің Кедендік одақ шеңберіндегі жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бастығы Ақтоты ТОЙБАЗАРОВА жауап берді:

– Егер кәсіпкер Ресейден тауар сатып алған болса, онда оған осы жерде Қазақстанда импорттағаны үшін қосымша құн салығын төлеп, сатып алған айдан кейінгі айдың 20-ына дейін ай сайын тиісті есептеме ұсынуы керек. Есеп беру үшін 328 «тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» нысаны мен 320 «импорт бойынша жанама салықтарға қатысты декларация» нысаны пайдаланылады. Резидент емес болғаны үшін салық тек қызмет көрсеткен жағдайда төленеді. Бұл жағдайда осы салықты төлеу мәселесі туындамайды.

6 қазан 2011, 20:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.