Атырау, 26 сәуір 06:25
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Махамбет ауданында жаңа әкім

4 879 просмотра

Image 030 мамыр күні облыс әкімінің өкімімен Әлібек НӘУТИЕВ Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды.

Әлібек Ибатоллаұлы алғашқы еңбек жолын 1980 жылы Махамбет ауданы Таңдай ауыл мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі болып бастаған. 1997 жылдан 2003 жылға дейін Қызылқоға ауданының әкімі, 2003 жылдан 2008 жылға дейін Құрманғазы ауданының әкімі лауазымдарын атқарған. 2008 жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалып, кейін Индер ауданының әкімі лауазымына отырды. Ал, 2009 жылы «АИНА» компаниясының директорының орынбасары, 2010 жылы NCPOC компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы болып қызмет етті. 2014 жылдан бастап облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

Махамбет ауданының бұған дейінгі әкімі Ерлан ЖАҢАБАЕВТЫҢ лауазымынан не себепті босатылғаны әзірге белгісіз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 мамыр 2015, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.