Атырау, 26 сәуір 09:19
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Біреуі ақталды

2 161 просмотра

Image 0

Жыл басынан бері Атырау облысында кәмелетке толмаған 5 адам сотталды, олардың барлығы бас бостандығынан айыру жазасын алды. Өйткені олар аса ауыр қылмыс – қарақшылық қылмысын жасады деп айыпталғандар.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз конференциясында айтылды. Бірінші тоқсанда соттарға барлығы 353 қылмыстық іс түскен, үкім шығарылып, 191 іс қаралған. 217 адам сотталып, бір адам ақталып шыққан. Сотталушылар арасында 35 әйел бар, негізінен олар алаяқтық туралы бап бойынша айыпталғандар.

Биыл әзірге алқа билердің қатысуымен істер қарастырылған жоқ. Алайда 7 жағдайда тараптар медиаторлардың көмегіне жүгінген. Азаматтық және әкімшілік істерге келер болсақ, жыл басынан бері 5,5 мың арыз түскен.

- Азаматтық істер бойынша арыздар өткен жылға қарағанда анағұрлым көп түсіп отыр. Мұны халықтың сотқа деген сенімі жоғарылағанын білдіретін жағымды факт ретінде бағалау керек, - деп есептейді облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Әділхади ШИҒАМБАЕВ. 5100 әкімшілік іс қозғалып, 4900-і өндіріспен аяқталған.

Неліктен өздерін ашық процестерге жиі қатыстырмайды деген журналистердің сұрағына судьялар бұл мәселеде олардың позициясы өзгеріссіз екенін, әрбір нақты жағдайда «тараптардың мүдделеріне сай» іс бойынша төрағалық ететін судья шешетінін айтты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 сәуір 2015, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.