Атырау, 20 мамыр 13:52
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ұлы даланың тас қорғаушылары

2 836 просмотра

Өткен жұмада Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрда Атырау қаласының мәдениет күні өтті. Қалалық мәдениет бөлімі үш жылда бір өткізетін дәстүрлі іс-шараға қатысушы 700-дей өнерпаз әр түрлі шығармашылық бағыттарда өз шеберліктерін көрсетті.

Бірінші қатардың дәлізінде этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Екінші қатарда жергілікті қолөнер шеберлері шығармаларының көрмесі орын алды. Бұл жерге ағаштан, темірден, тері, сүйек, қыштан жасалған бұйымдар қойылды.

Нұрсұлтан ҚАЛИЕВ Атырауда және оның сыртында талантты суретші ретінде көбі біледі. Алайда Нұрсұлтан көркем суретпен қатар, ағаштан темір, тері, сүйек қосып, керемет бұйымдар да жасайды. Көрмеге қойылған экспонаттарының арасында екі үлкен жүзік ерекшеленіп тұр.

- Мен бұл жұмысымды «Қос жүзік» деп атадым және олар ағаштан ойылып жасалған. Міне, қараңыздар, олар бір-бірімен мәңгіге жалғанған. Бұл – ажырамастықтың белгісі, басқа адамдар не ойлайтынын білмеймін, өзім осы ойымды жүзеге асырғанда, соны көрдім, - дейді Нұрсұлтан. Айтпақшы, дәл осы жұмысымен ол республикалық байқаулардың бірінде жүлделі орын алған еді.

Әріптесіміз, көп жылдардан бері өңірімізде қыш құмыралар жасауды жаңғыртып келе жатқан Зинат ОРЫНБАСАРОВА отырған бұрыш та көптің көңілін аудартты. Шеберлікпен жасалған құмыраларды қолыңа ұстап, әдемілікті сезінгің келеді. Оның жұмыстарының арасынан алғаш қарағанда көз тарта бермейтін әйел мен еркектің мүсіні мені қызықтырды. Зинат та бұлар туралы әдемілеп тұрып әңгімелеп берді:

- Бұл - балбал. Ислам діні келмес бұрын Қазақ даласында мұндай тастар өте көп болған. Көбіне бұлар атақты би-батырлардың құрметіне жасалатын. Ата-бабаларымыз бұларды ауылдарының жанына да, қырға да орнатқан. Жолаушылар үшін балбал тастардың үлкен мәні бар еді. Біріншіден, олардың беті міндетті түрде шығысқа қаратып қойылатын, яғни, бағдарлауға көмектеседі. Екіншіден, бір осындай тас мүсін өмір мен өлімді, мейірім мен жауыздықты, қонақжайлылық пен батырлықты білдіретін. Міне, қараңыз, жауынгердің мүсіні, ол екі бөлікке бөлінген. Жоғары жағы – жүзі мейірімге толы, қолына пиала ұстаған. Бұл - кез келген жолаушы қазақ даласындағы кез келген үйдің иесінен қонақжайлылық пен ақпейілділік күте алады дегеннің белгісі. Төменгі жағында өткір қанжар мен жебенің бейнесі берілген: бұл егер жауласқалы келсең, сазайыңды тартасың дегені екен. Жауынгер қыздардың мүсіндерінде де солай. Осындай балбалдарды жасай отырып, қиялға да жол беремін. Міне, жауынгер қыздың мүсініне пиаланың орнына шексіз қазақ даласының символы - қызғалдақты салдым.

Сонымен қатар, осы жерде жергілікті өндірушілердің кондитерлік және балық тағамдары ұсынылды. Түсініксіз жағдайлармен көрмеге қарапайым адамдарды кіргізбеді. Іс-шараға келген облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ пен қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ өзге шенеуніктермен бірге көрмелер орналасқан дәлізбен жүріп, қолөнершілермен біраз әңгіме айтып, театр залына кірді. Бұл жерде олар келісімен жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен фестиваль басталды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Cуретті түсірген автор

21 сәуір 2015, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.