Атырау, 26 сәуір 10:24
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ресей Қазақстанда жалдап отырған жерлерін азайтудың арқасында $4 млн үнемдейді

3 019 просмотра

Image 0Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ – Ресей Қазақстандағы жалдамалы жерлерді азайту есебінен $4 млн үнемдейді, деп хабарлайды РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасы.

«(...) ресейлік тарап беріліп отырған учаскелерде жалдамалы төлемдерді азайту және қазіргі таңда бізге қажетсіз нысандарды сақтауға деген шығындарды тоқтату есебінен қаражаттың айтарлықтай үнемделуін алады», - деді РФ қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов.

Сөйтіп, полигондарды хаттамаларға сәйкес пайдалануға арналған жиынтық жылдық жалдама ақы бір жылға $4 млн-ға кемиді, атап айтқанда $23, 486 млн-нан $19,357 млн-ға.

Одан өзге, Ресей қорғаныс министрлігінің әскери алаңдарының жаңа конфигурациясы талап етілетін қауіпсіздік жағдайларында жаңа қару мен әскери техника сынағын өткізуді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап көрсетілген.

«Полигондарды пайдалану мен сынақтарды өткізу мәселесінде біз Қазақстан қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимылды нығайтуға ниеттіміз. Себебі біздің полигондарда сыналатын қарулар мен техника жалғыз Ресейдің ғана емес, Қазақстанның да, сондай-ақ ҰҚШҰ барлық одақтастарының да қорғанысы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етеді. Осылайша, бүгін Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасынан жалдап отырған сынақ полигондарының аумақтары мен қызмет көрсетуін «оңтайландыру» жөніндегі Ресей және Қазақстан президенттерінің тапсырмаларын орындау бойынша үлкен жұмыстың қорытындысы шығарылды», - деп түйіндеді А. Антонов.

Хабарланғандай, 16 сәуірде Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның қорғаныс министрлері Сергей Шойгу және Иманғали Тасмағамбетов РФ қорғаныс министрлігінің ҚР-да орналасқан сынақ полигондарын пайдалану мен жалдау тәртібі туралы ресейлік-қазақстандық келісімдерге өзгертулер енгізу жөніндегі 4 хаттамаға қол қойды. Хаттамалар РФ ҚМ 929 ұшу-сынақ орталығының әскери алаңдарына, «Сарышаған» полигонына қатысты және Ресей қорғаныс министрлігі полигондарының жер учаскелерінің жаңа координаталарын, сонымен қатар оларды пайдалануға деген жалдама лы ақының жаңа мөлшерлерін анықтайды.

Қол қойылған келісімдердің нәтижесінде Ресейдің пайдаланбай отырған аумақтары мен коммуникациялар және пайдалы қазбалардың кен орындары орналасқан учаскелер арендадан шығарылып, қазақстандық тарапқа тапсырылады. Хаттамаға сәйкес барлығы арендадан 1,6 млн-нан астам га жер шығарылады.

Бұған дейін Қазақстан қорғаныс министрлігі халықтық-шаруашылық айналымға «Тайсойған», «Жамантау» және «Сарышаған» жер учаскелерінің қайтарылғанын хабарлаған еді. Көрсетілген учаскелер мұнай-газ секторы, тұрғын үй-жай құрылыстарын, темір және автомобиль жолдарын салу, тағысын тағы үшін қолданылатын болады.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 сәуір 2015, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.