Атырау, 20 мамыр 17:14
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Никас Сафронов Атырауда

2 134 просмотра

5 наурызда Ш. Сәриев атындағы өнер мұражайында РФ-ға еңбек сіңірген суретші Никас САФРОНОВТЫҢ жеке көрмесі жұмысын бастады.

«Таңдамалы» экспозициясы Ресей мен Украинаның, Еуропа мен Азияның көптеген қалаларында көрсетілді. Қыркүйекте жоба Қазақстанға келді, Алматы, Астана, Қарағанды және Өскемен қалаларының тұрғындары Никас Сафроновтың жұмыстарымен танысуға мүмкіндік алды. Енді Атырау тұрғындары ең алдымен замандастарының портретін салумен белгілі болған суретшінің 100-ден аса суреттерін көріп, бағалай алады. Коллекцияда, сондай-ақ, табиғат көріністері, сюжеттік композициялар, DreamVision авторлық стильдегі суреттер де бар. Суретші үш мыңнан астам сурет салған. Мыңнан астам еңбектері беделді мұражайлар мен Софи Лорен, Ален Делон, Жан-Поль Бельмондо, Пьер Карден, Дайана Росс, Монтсеррат Кабалье, Мадонна, Михаил Горбачев, Никита Михалков сияқты ресейлік және шетелдік саясат және мәдениет жұлдыздарының жеке коллекцияларынан орын алған.

Никас Сафронов қазіргі Ресейдің ең белгілі де бай-қуатты суретші болар. Оның суреттерінің коммерциялық табыстылығын сыншылар әртүрлі түсіндіреді. Мәселен, көркемдікті сүйетін адамдар суретшіні байлардың қарабайыр талғамдарынан шығу үшін салады десе, жанкүйерлері оны ұлы талант деп есептейді. Бәріне уақыт сыншы, әрине. Ал көркем суретті сүйетін қауым Сафроновтың Атыраудағы көрмесіне барып, өздерінің эстетикалық талғамдарын өздері тексере алады.

Сафроновтың атын әйгілеп жүрген айналасындағы адамдар тылсым күштер туралы айтудан да тартынбайды екен. Менің «Призрак из прошлого» (Өткен күн елесі) жұмысына қызығушылығымды көрген суретшінің өңірлік өкілеттіктер жөніндегі менеджері Маргарита ЖЕЛТОВА суреттің салыну тарихын айтып берді. Өмірден ерте кеткен жасөспірімнің ата-анасы Никас Сафроновқа осы ұлының суретін салуға тапсырыс береді. Суретші осы уақытта көп ауырып, сурет өте ұзақ салынды. Жұмыс бітті-ау деген уақытта артқы жағында кезеңдермен түрі өзгеріп тұратын бір дақ пайда болды. Бұл дақтан жасөспірімге ұқсайтын ересек ер адамның бейнесін көруге болады. Бала ХІХ ғасыр дворянының кейпінде салынған. Суреттің артқы жағындағы бейнедегі ер адамның басынан да сол уақытқа тән парикті байқауға болады, - дейді Желтова ханым. Тапсырыс берушілерді бұл тылсым оқиға шошытып, портретті алудан бас тарқан екен.

Көрме 5 сәуірге дейін жұмыс жасайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 наурыз 2015, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.