Атырау, 20 мамыр 16:12
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Соғыс туралы ән шырқалды

4 380 просмотра

Кіші Өнер академиясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мектеп және колледж оқушылары арасында облыстық әскери-патриоттық әндер фестивалі өтті.

Роза Рымбаеваның репертуарындағы «Жерім менің» әнін орындаған Кіші өнер академиясының оқушысы Сұлтан ӘДІЛ (суретте) 1-орын алды. Ал Батырхан Шүкеновтың «Отан Ана» әнін орындаған Қатира Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж оқушысы Руслан ЮДИННІҢ ұпайы бас жүлдеге сәл жетпей қалды.

Михаил Исаковскийдің «Огонек» әнінің «На позицию девушка провожала бойца, тёмной ночью простилася на ступеньках крыльца...» деген сөздерін жұрттың бәрі білетін шығар. Байқауда осы ән де шырқалды. Оны орындаған Татьяна Кабанкина 2-орын алды. Үшінші орынды «Батыр Бауыржан» әнін орындаған Махамбет ауданы Қызылүй орта мектебінің оқушысы Әділбек Құрақбаев, Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әнін шырқаған Қызылқоға ауданының №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Әйгерім Жантемірова және Мақат ауданы Л. Шахатов атындағы №76 мектептің оқушысы Айжан Жұматова өзара бөлісті. Айжан «Отан Ана» әнін орындаған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

5 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.