Атырау, 20 мамыр 16:38
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Киіздің сиқырлы күші

4 962 просмотра

Атырауға «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының шақыртуы бойынша қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесіне қатысу үшін, сонымен қатар киізден бұйымдар дайындау жөнінде шеберлік сабағын өткізу үшін Алматыдан киіз өнерінің шебері Ұлбосын ДӘУЛЕНОВА келіп кетті. Жергілікті әйелдер киіз басу өнеріне зор қызығушылық білдірді. Кейбіреулері, тіпті, бұған шындап кірісуді ұйғарды.

Киімнің, аксессуарлар мен бижутериялардың киізден жасалған сәнді жаңа нақыштары ұмыт қалған көненің жаңғыруы десек те болады.

Егер бұрын қазақтың баспанасы, киіз үй бұйымдары, киім-кешек, аяқ киім, бас киімдері, үй тұрмысының керек-жарақтары негізінен жүннен жасалған болса, қазіргі кезде киіз ұмыт қалып, оны синтетикалық материалдар ығыстырып шығарды.

Қазір барлық табиғи, қолдан жасалған нәрселерге ден қойылып, киізге мән беріле бастаған.

Қырғыз шеберлері Еуропаны баяғыда бағындырып алды, ол жерде киіз бұйымдарын сөрелерден талап әкетеді. Олардан тапсырысқа стильді заттар жасап, тіпті подиумдарды бағындырған біздің қазақстандық шеберлер де қалыс қалмайды.

Ұлбосын Дәуленова – сондай шеберлердің бірі. Әкесі Атыраудың тумасы, анасы Алматының қызы. Ұлбосын Алматыда туып өскен. Геолог мамандығы бойынша білім алған. Бәлкім, бүкіл ғұмырын сүйікті мамандығына арнар ма еді, алайда 90-шы жылдары елімізде ғылымды қамтамасыз ету тиімсіз болғандықтан бірінен соң бірі геологиялық экспедициялар мен геофизикалық зерттеу орталықтары жабылған кезде Ұлбосын еліміздегі басқа геологтар мен геофизиктер секілді бір сәтте жұмысынан айырылды.

Не істеу керек? Сол кезде оған мамандығы суретші, киіз басумен айналысқан құрбысы көмекке келеді. Оған көмекші керек болады. Содан бері 20 жыл өтті. Ұлбосын шебер көмекшісінен киізден киім дайындайтын кәсіби дизайнерге айналды. Оның еңбектерін тек Қазақстанның танымал сәнқойлары мен тележүргізушілері ғана емес, шетелдегі көптеген сәнқойлар да киіп жүр.

Оның табысқа жету құпиясы өз өмірін арнаған ісін қатты жақсы көретіндігінде жатқан шығар.

– Геолог мамандығы туралы тіпті есіме де алмаймын, - дейді ол күлімсіреп. – Шығармашы-лықтың баурап алғаны сондай, кейде түнімен жұмыс істеймін. Бірақ пайда түсірем дегендіктен емес. Шығармашылық желігі ұйқы бермейді.

Атырауда Ұлбосын киізден бұйымдар жасау және жібек матаға кейін шарқат, орамал, көйлек, белдемше, жейде және тіпті, пальто дайындау үшін киізден жасалған өрнектерді жапсыру техникасы жөнінде шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік сабағына қатысушылардың Ұлбосынның әрбір сөзін қалт жібермей, зейін қойып тыңдады. Содан кейін олар оны көпке дейін жібермей, сұрақтарын жаудырды.

Ұлбосын Дәуленова өз қызығу-шылығын мамандыққа айналдыра алды. Ол жасаған әрбір бұйым - көңіл-күйін, сезімін, жанын салып жасаған өнер туындысы.

- Қолдан жасалған бұйымдардың барлығында күшті энергия болады, -  дейді Ұлбосын. – Өйткені, киіз тек қолмен жасалады, ал қолдан энергия беріледі. Мұндай бұйымды кисең, көңіл-күйің жақсарып, аурудың беті қайтады. Басың ауырса, киізден жасалған бас киімді ки деген ежелден бар. Киізге оранып жататын болған, осылай емделеді екен. Халық емшілері жалаң аяққа киізден жасалған шәркейлер киіп жүруге, әлсін әлі текеметтің үстінде жүруге кеңес береді, өйткені, жүн жүйкені тыныштандырып, тамырларды кеңейтеді. Киізден жасалған киім-кешек пен аяқ-киім жылуды керемет сақтайды, қан айналысын жақсартады.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Суретті түсірген Айнұр Сапарова

5 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.