Атырау, 26 сәуір 10:51
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Соғыс ардагерлері үшін тегін медицина

2 375 просмотра

– Туысым – Ұлы Отан соғысының ардагері әрі мүгедегі. Оған қымбат тұратын аппараттардан медициналық тексеруден өтуге жеңілдіктер бар ма және болса, қандай емханаларда бар екенін нақтылағым келеді?

Хамит БАРИЕВ

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапеві Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВА түсінік берді:

–  Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар тегін медициналық қызмет көрсету, соның ішінде, қымбат тұратын медициналық аппараттар – МРТ мен КТ-дан тексерілу құқығына ие. Тексеру облыстық ауруханада жүргізіледі, ол үшін мекен-жайы бойынша емханадан жолдама алуы керек. Осы жеңілдік санаты үшін анықталған созылмалы сырқаттарға сәйкес тегін дәрі-дәрмек алуға, сервистік палаталарда стационарлы емделуге, пойызбен тегін бару жеңілдігімен Астанадағы және Алматыдағы республикалық әскери госпитальға жолдама алуға құқық қарастырылған. Бұдан басқа, ҰОС жеңісінің 70 жылдығына орай ардагерлер ауыр сырқаттанған жағдайда дәрігер науқасты үйден тексеріп қарап, қажет болған жағдайда сол жерде белгілі бір мамандықтағы бірнеше дәрігерлерден медициналық консилиум ұйымдастырады.

5 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.