Атырау, 26 сәуір 10:19
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Микронесиелер 2015 жылы да беріледі

1 901 просмотра

Фото: bigmir.netФото: bigmir.netДағдарысқа қарамастан мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру 2015 жылы да жалғасын табады. Бұл туралы есеп беру барысында белгілі болды.

Үкіметтің таяуда өткен отырыстарының бірінде «Жұмыспен қамту» бағдарламасының «Бизнестің жол картасымен» бірігуі мүмкін екені туралы мәселе талқыланған болатын. Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ Атырау облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі таяудағы есебінде кәсіпкерлердің бірі осы шешім туралы сұраған еді. Оны әсіресе ауыл кәсіпкерлерін шағын несиелеу арқылы қолдау қызықтырған болатын.

Ізмұхамбетов үкіметтің мемлекеттік «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды тоқтату жөніндегі бастапқы жоспарына қарамастан, оның жалғасатынын мәлімдеді:

– 2011-2014 жж. ішінде осы бағдарламаның арқасында облыста 1,8 мың жаңа кәсіпкер пайда болды. Оларға 4 млрд теңге бөлінді. Олардың мыңнан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл өте маңызды. Сондықтан 2015 жылы бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыру ұйғарылды.

2015 жылға 656 млн теңге бөлінді, оның 487 млн-ы – ауыл тұрғындарын несиелендіруге арналған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

27 ақпан 2015, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.