Атырау, 20 мамыр 15:09
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Восток» кімнің меншігіне көшеді?

2 314 просмотра

«Восток» ЖШС директоры Гюлбала МАХМУДОВТЫ  4 жылға бас бостандығынан айыру және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарылды.

Естеріңізде болса, өткен жылдыңаяғында қаржы полициясының қызметкерлері балық саласындағы белгілі бизнесмен Махмудовты ұстаған болатын. Тергеу болжамы бойынша ол 647 кг. бекіре тұқымдас балық пен 5 кг қара уылдырықты заңсыз сатумен айналысқан болып шықты. ЖШС кеңсесінде қара уылдырықты жасырын, қолдан дайындау цехы табылған. Ол жерден сыйымдылығы 500 гр. болатын қалбыр ыдыстарға салынған 22 кг. 500 гр жеңсік тағамды тапқан. Қалбыр сыртында «Russian Caviar malossol Astrakhan» деген жазу болған және салмағы 36 кг. 200 гр болатын қақталған бекіре жондары да тәркіленген. Ал, ЖШС өнеркәсіп базасында тағы да 569 кг бекіре тұқымдас балықтар және 40 кг қақталған балық өнімдері табылған. Аудиторлық тексеру көрсеткендей, ЖШС 2008 жылдан 2010 жылдар аралығында лимиттен асыра 40 тонна бекіре тұқымдас балықтарды және 1 300 тонна қара балықты  аулап, сатқан. Келтірілген залалдың көлемі болжаммен алғанда 300 миллион теңгеден асып кетті. Сол кездегі қаржы полициясының таратқан баспасөз-релизінде осылайша хабарланған еді. 

Алайда, жақында ғана болған баспасөз конференциясында Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстармен күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш ӘБЛЕЗОВ бұл жолы қылмыстың бірнеше басқа бір картинасын баяндады. Тергеу болжамы бойынша, Махмудов бекіре тұқымдас балықтарды аулауға тиісті квотасы болмағандығына қарамастан 2009 жылдан 2010 жылға дейін белгісіз тұлғалардан заңдастыру мақсатымен 47 000 кг. бекіре алып, оны өзінің ЖШС қоймасында сақтаған және сол кезде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түскен.  Мемлекетке келтірілген зиян көлемі 82 млн. теңгеден асып кетті.  Жақында сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыруға және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды. Сондай-ақ, екі жыл көлемінде қаржы-шаруашылық қызметімен айналысу құқығынан айырды.

…Махмудовтың басына қара бұлт үйіріле бастағанда ол «Восток» ЖШС-гін өзінің танысы Степановқа 3 миллион теңгеге сатып үлгерді. Артынша, оны жауап алуға шақыра бастаған кезде, Степанов «АЖ» бетінде қаржы полициясына рейдерлікпен айналысуда деп кінә тақты. Нәтижесінде табиғат қорғау прокуратурасының талап арызы бойынша, сот ЖШС-нің сатылу жөніндегі келісімді заңсыз деп танып, фирманың есепшотына тыйым салды. Енді «Востоктің» кімнің қолында екендігі белгісіз.

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.