Атырау, 26 сәуір 14:41
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Оқушылардың бірі балоншадан газ шашқан» (толықтырылды)

2 889 просмотра

Жұмыскер ауылындағы мектептің 1-қатарындағы сырт киім шешетін орынжайда оқушылардың бірінің газ балоншасынан газ шашу нәтижесінде жоғары сыныптың 21 оқушысы және бір мектеп қызметкері аэрозольді улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді.

Зардап шегушілерге дер кезінде көмек көрсетілді, осы мектептің бірде-бір оқушысы немесе қызметкері жан сақтау бөліміне түскен жоқ. 22 қаңтар күнгі сағат 18.00-дегі ахуал бойынша мектептің 18 оқушысының жағдайлары қалыпқа келгендіктен, ауруханадан шығарылды. Өздерін аз болса да жайсыз сезінген үш оқушы дәрігерлердің бақылауына қалдырылды. Олар үйлеріне 23 қаңтар күні таңертең шығарылады.

«Алдын-ала деректер бойынша, оқушылардың бірі газ балоншасын басбұзарлықтан емес, «қызық көріп» шашқанын мойындады», - деп хабарлады Атырау қаласы білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА.

Полиция қызметкерлері ТЖ-ның барлық жүріс барысын анықтап, сәйкесінше шаралар қабылдайтын болады. Атырау облысы әкімі Б.С. Ізмұхамбетов барлық жауапты органдарға алға қарай өңір оқушылары арасында мұндай оқиғалар қайталанбас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі  

***

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 23 қаңтарда таңертең облыстық балалар ауруханасы стационарында 5 бала қалған. Тайманов атындағы мектепте белгісіз заты бар баллоншасы шашқан күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 14 жастағы мектеп оқушысы боп шықты. ҚН ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеумен №1 қалалық полиция бөлімі (Балықшы) айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қаңтар 2015, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.