Атырау, 20 мамыр 16:06
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Темірді тонналап жұтыпты

2 775 просмотра

Экономикалық және сыбайластық жемқорлық қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Қуаныш ӘБЛЕЗОВТЫҢ айтуынша, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ-ның «Құлсары жолдар дистанциясы» филиалының директорына қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды.

Тергеу болжамы бойынша, жолшы бюджет қаржысына сатып алынған ағаш және темір шпалдарды (рельс астындағы төсеме) ұрлаған. Кейін оларды кәсіпкерлерге арзан бағамен сатқан, сондай-ақ, өзінің үйін және орынбасарының үйін тұрғызарда пайдаланған. Жедел топ қызметкерлері директорды кезекті келісім кезінде қылмыс үстінде ұстады. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынның орнын толтырды.  

Лев ГУЗИКОВ

25 тамыз 2011, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.