Атырау, 26 сәуір 09:05
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Миялыдағы жаңа жыл

2 616 просмотра

Жаңа 2015 жыл қарсаңында облыс орталығында қар түспесе, Қызылқоға ауданында ауа райы қуантып, қар жауды: 31 желтоқсан күні таңертең айнала аққа оранды.

Сол қардың үстімен ат-шанадағы Аяз ата мен Ақшақар Миялы ауылының халқын жаңа жылмен құттықтауға жолға шықты. Еркін ҮМБЕТОВ Жанкелдин совхозында бірнеше жыл мал бағып, кейін зейнеткерлікке шыққан әкесінің шанасын көзінің қарашығындай сақтап қалған еді, енді кәдеге жарады. Бұл күні ат-шана жеккен алты Аяз ата мен Ақшақар аудан орталығын аралап жүрді.

- Әкімдік ауыл халқын Жаңа жылмен құттықтау үшін бізден ат-шаналарымызды бірнеше сағатқа жалдап алды. Бұл балалар үшін де жақсы, қуанып қалды, біз үшін де жақсы, қандай болғанда да табыс таптық, - дейді ауыл тұрғындары.

Кешке аудан орталығында аудан әкімі Мақсот МҰҚАНОВТЫҢ құттықтау тілегінен кейін той-думан басталды. Орталық кітапхана, Х. Досмұхамедов, Аманшин, №1 және саз мектептері, «Балдырған», «Жасұлан», «Балдәурен», «Нұршуақ» балабақшалары, Миялы округі сан ұлттардың биін билеп, кешті қыздырды. Ал, түнгі 12-де ауыл тұрғындары көшеге шығып, бірін-бірі құттықтап, мәз-мейрам болысты. Отшашудан соң мерекелік концерт пен театрландырылған көрініс ұйымдастырылды.

- Жыл сайын Жаңа жылды көшеде қарсы алу дәстүрге айналған, - дейді аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Жәния ІЗБАСҚАНОВА.- Қалай еткенде де қызықты өткізуге және бұрынғыны қайталамауға тырысамыз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.