Атырау, 26 сәуір 08:50
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бензин бүгін бар, ертең . . .

3 998 просмотра

Демалыс күндері бензинге қатысты орын алған дүрбелең жұмыс аптасының басында одан сайын күшейді. Дүйсенбі-сейсенбі күндері жүргізушілер бензин іздеп  бір стансадан екіншісіне жүгірді. Барлық жанар-жағар май стансаларында машина жүрмек түгілі жаяу адамға өтуге қиындық туды. «Бензиндік сөз байласу» және бағаның өсуі туралы айтылғандар міне, келді.  Алайда, бұл проблеманың аймақтарға отынның жеткізілмей қалуы  және оның жетіспеушілігі тек бір ғана жеткізушіде - «Гелиос» ЖШС-де болып отырғандығы анықталды. 

Оның желілеріндегі жанар-жағар май стансаларында сенбі мен жексенбіде бензин талон және кәртішкелер бойынша жіберілді. Дегенмен, дүйсенбі күні де корпоративті клиенттер санының көп болуы салдарынан бұл жерлерде проблема туындады. Сейсенбі күні түске қарай «Гелиосте» бензин тіптен жоғалып кетті. Тек АИ-80 бензині ғана болды.

«Гелиостың» Атырау филиалына жолдаған сауалымызға жауап күтіп отырғанымызда, бұл жағдайды бізге қысқаша түрде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Әлсейіт САБЫРОВ түсіндіріп берді: «Гелиос» цистерналары үкімет жарлығы бойынша ауылшаруашылық қажеттіліктеріне  жібе-рілгендіктен, операторда бензинді жеткізуде проблемалары туындады. Мұндай жағдай қазір еліміздің барлық аймақтарында орын алып отыр. 2-3 күннің ішінде мұның бәрі де тұрақталатын болады.  «Нұр» жанар-жағар май стансасында уақытша дизель отыны блмайды. Ал, «АтырауМұнайөнімдері жанар-жағар май стансаларының бірі «Меркурий» (Тайманов бойындағы) жөндеу жұмысын бастамақ».

Сейсенбі күні отын  «ҚМГ» жанар-жағар май стансаларында да бір болып, бір жоғалып құбылып тұрды. «ҚМГ-өнімдері» АҚ–ның жергілікті филиалдарында барлық 11 қалалық жанар-жағар май стансаларында бензин бар деп хабарлады. Проблема тек машиналардың  ЖЖМ-ды мұнайбазаларынан жеткізіп үлгере алмауынан болған екен. «Біздің бәсекелестерімізде отынға қатысты проблема жұма күннен бері басталып, барлық автокөлік иелері бізге жұмыла келді. Егер біз бұрын тәулігіне  8 000 литр жіберсек, ал, қазір сондай көлемдегі бензинді 5 сағатта жіберіп отырмыз. Кейбір үзілістер бензиннің жолда кідіріуінен болып жатады. Бізде проблема жоқ. Қорымыз қашанда бар».

Бұл кездейсоқтық па, білмеймін бірақ, өткен жұмадан бері «ҚМГ-өнімдері» стансаларының желісінде АИ-80 бензинінің бағасы өсті, қазір оның литрі 84 теңге (бұрын-67) тұрады, дизель отыны - 88 теңге (бұрын ол - 68 теңге болды), АИ-92 және 95  бұрынғы – 106 және 125 теңге деңгейінде қалды.  

«Арна» ЖЖС-де (қалада бір ғана станса) бензин тек 2-3 күнге ғана, яғни, жұмаға дейін  жетеді деп отыр. Олар жанар-жағар майды АМӨЗ-нан алады.

«Нұр» ЖЖС стансасы қарайтын «Контакт-ойл» ЖШС-нің басшылығы өздерінің стансаларындағы бензинге қатысты қойған біздің сауалдарымызға селқостық танытты.

– Сізге керегі не?

– Бұл күндері қалада бензинге қатысты проблемалар...

- Біздің оған қандай қатысымыз бар? Бізде бензин бар. Тағы да сұрағыңыз бар ма?

– Қалада сіздердің қанша стансаларыңыз бар?

– Коммерциялқ құпия.

Ақыры, міне, сәрсенбі күні түстен кейін «Гелиос» ЖШС-не жолдаған сауалымызға жауап алдық. Жанар-жағар майға қатысты жағдайға сату және маркетинг жарнама бөлімінің бастығы Анна ШИБАНОВА былай деп түсінік береді: «Мұнай және газ министрлігінің бөлуі барысында біз 2011 жылдың тамыз айында бензинді тиісті көлемнен екі есе кем мөлшерде алып отырмыз. Бұдан басқа, аймақтарға мұнай өнімдерін жеткізу үшін вагон-цистерналардың жетіспеушілігі үлкен проблема туындатып отыр. Біздің бензинді талон және смарт-карт арқылы жіберуге мәжбүр болып отырғандығымыз туралы біз табиғи монополияларды реттеу агенттігі мен бәсекелестікті қорғау агенттігін хабардар еттік».

- Сіздердің стансаларыңызда бензиннің еркін сатылымға шығатын мерзімін атай аласыз ба?

- Бұл мұнай өнімдерінің зауыттан өз уақытында жіберілуіне және аумақтарға жеткізілуіне байланысты болады.

– Сіздерде Атырау облысында қанша корпоративті клиенттер бар?

– 800-ден аса.

– Атырау отын нарығының «Гелиоске» қанша үлесі тиісілі?

– Біз бұл мәліметтерді айта алмаймыз.

– Сіздердің жанар-жағар май стансаларыңызда әдетте отынның қанша қоры болады?

– Бұл 1 стансада зауыттан тұрақты жеткізіліп тұрған жағдайда 50-ден 100-ге дейінгі текше метр болатын резервуар паркінің көлеміне байланысты.

- Бірқатар БАҚ-да кейбір жанар-жағар май стансаларының  көтерме бағаның өсіп кетуіне байланысты бензинді сатуды тоқтатқандығы туралы ақпарат болды.

- ҚР мұнай және газ министрлігі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етті және бағаны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі мәжілісте негізгі мұнай және мұнай өнімдері ресурстарын ұстаушыларға тамыз айы ішінде жанар-жағар май стансаларына бензинді көтерме бағамен сатуды, яғни, бекітілген 87% бөлшек сауда шегінің деңгейінен көтермеуді тапсырған болатын Алайда, белгіленген мөлшер шығындарды жауып, бизнесті жүргізу үшін пайда түсіруге мүмкіндік бермей отыр.

– Атырау облысында бензин бағасын көтеру жоспарланып отыр ма? Егер көтерілетін болса, қандай себептерге байланысты болмақ?

– Мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызы бар түрлеріне шектеулі-бөлшек бағаны мұнай және газ министрлігі белгілейді. Егер отынынң өзіндік құны артатын болса, онда біз бөлшек бағаны көтеруге мәжбүр боламыз.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында мұнай және газ министрлігі бекіткен бағаны операторлар ұстап тұр дегенді айтады. Министрлік тамызда уәде еткеніндей отынның әлеуметтік маңызы бар түрлеріне өсіру бағытында шектеулі бағаны белгілеп отыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері бойынша отынның АИ-92 маркісіне тамызда 106 теңге деңгей белгіленгсе, АИ-80-86 теңге, дизел отыны - 90 теңге.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлағанындай, қаладағы бензинге қатысты мәселе бақылауға алынған. Осыған қатысты мәжіліс өткізу жоспарланып отыр екен. «Біз бұл мәселені нарықтың өзі реттейді деп ойлағанбыз, алайда, оған араласуға тура келеді»,-дейді қалалық әкімдіктегілер.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В. Истомин

18 тамыз 2011, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.