Атырау, 26 сәуір 12:02
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Шектеулі жеңілдіктер

2 062 просмотра

– Біз жұбайымыз екеуміз зейнеткерміз. Өткен жылдары мүлік салығын төлеуден босатылдық, ал биыл хабарлама алдық. Біз оны төлеуге тиіспіз бе, әлде бұл жаңсақтық па?

Телефон арқылы

– Мен мүгедектігім бойынша зейнеткермін. Қала маңындағы поселкеде жалғыз өзім тұрамын. Жақында салық басқармасынан қоңырау шалып, мүлік салығы мен жер салығын төлеуім керектігін айтты. Мен осы салықтарды төлеуге тиіспін бе? Егер тиіс болсам, онда салық басқармасы салық сомасы көрсетілген хабарламаны неге жібермейді? Маған салық сомасын нақтылау үшін салық комитетіне бару қиын.

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау қалалық Салық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан ТОҚСАНБАЕВ жауап берді:

– ҚР Салық кодексінің 403-бабының 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің (1 АЕК – 1 852 теңге) 1000 еселенген мөлшері шегiнде жеке тұратын зейнеткерлер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды. Ол үшін салық органына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен анықтама ұсыну керек. Егер барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құны АЕК-тің 1000 еселенген мөлшері шегiнен асып кетсе, онда салық сомасының айырмашылығын төлеу керек.

Жер салығына қатысты сұраққа келер болсақ, ҚР Салық кодексінің 373-бабының 3-тармағының 6-тармақшасына сәйкес, жеке тұратын зейнеткерлер тұрғын үй жанындағы жер учаскелерi бойынша жер салығын төлеуден босатылады.

ҚР Салық кодексінің 403-бабының 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан АЕК-тің 1500 еселенген мөлшері шегiнде I және II топтағы мүгедектер мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Ол үшін Салық басқармасына мүгедектігін дәлелдейтін анықтама ұсыну керек. Егер барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құны АЕК-тің 1500 еселенген мөлшерінен асып кетсе, онда азаматқа салық сомасының айырмашылығын төлеу керек.

Жеке тұлғаларға мүлік салығы мен жер салығын төлеу жөнінде Атырау қалалық салық басқармасынан немесе 45-15-60 телефоны бойынша кеңес алуға болады.

11 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.