Атырау, 20 мамыр 16:49
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Таксистің өліміне күдіктілер Ақтаудан табылды

2 401 просмотра

Криминалдық полиция қызметкерлері 6 шілде күні қаза болған таксист өлімінің себебін ашты.

Естеріңізге салсақ, жас жігіт такси қызметін атқару мақсатында өз автокөлігімен үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Автокөлік Авангард 4-ші ықшам ауданынан табылған болатын, ал иесінің денесін тек 16 шілдеде ғана, әуежайға апаратын тас жолдан 700 метр қашықтықтағы жерден тапқан. 

Облыстық криминалдық полицияның бастығы Аслан ШАЛХАРОВТЫҢ айтуынша, бұл қылмысқа қатысы бар деген үш күдікті Ақтауда қолға иүскен және бүгінде оларды Атыраудағы уақытша қамау изоляторына алып келген. Оның бәрі де бұрын сотталған Атырау тұрғындары екен. Ұсталған күдіктілердің берген түсінігі бойынша, олар марқұм болған жігіттің иелігіндегі таксиді бір сағатқа жалдап, қаланы шыр айналған. Бірақ, төлейтін ақшалары болмаған соң, таксисті өлтіре салған. Мұның барлығы  қазір тексерілу үстінде.

Лев ГУЗИКОВ

4 тамыз 2011, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.