Атырау, 26 сәуір 10:12
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Газдан уланып қалды

2 618 просмотра

Бүгін, 3 қараша күні таңда Құлсары қаласында үш адам газдан уланып, олардың біреуі көз жұмды. Марқұм Өзбекстан Республикасының азаматы.

Газдан улануға жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан сарайдың жылыту қазандығының өшіп қалуы себеп болған. Сол кезде сарай ішінде үш адам болған. 66 жастағы әйел адам және 42 жастағы ер адам қазір ауруханада жатыр.

Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ хабарлағанындай, қазіргі уақытта тексеру амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қараша 2014, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.