Атырау, 26 сәуір 11:35
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жылуға жете алмай отырмыз

1 779 просмотра

– Мен Абай көшесінің бойындағы №17 үйде бірінші қабатта тұрамын. 7 қазанда бізге жылу берді, ал біздің жылу құбыры тіреушеміздің бойындағы батареялар әлі салқын. Өйткені, 5-қабаттағы көршіміз жөндеу жұмыстарын жасап, оны аяқтамайынша, тіреушені ашпайтындығын айтып ескерткен еді. Енді оны таба алмай отырмыз. ПИК-ке, учаскелік инспекторға шағымдандық, қалалық әкімдіктің диспетчерлік бөліміне де қоңырау шалдық. Не істейміз, көмектессеңіздер екен?

Телефон арқылы

Сұраққа «Әли» ПИК-нің төрағасы Амантай МҰСТАФИН түсінік берді:

– Біз, шынымен де, пәтер қожайынын таба алмай жүрміз. Ол жылу беру тұрбасын кесіп тастаған, қазір пәтерде ешкім тұрмайды. Енді жылу құбыры тіреуішінің бойына жылу бере алмай отырмыз. Ал күн суытып кетті. Мұндай жағдайда біз ақырғы шараны қолданамыз. Егер қожайыны бір апта немесе 10 күн ішінде табылмаса, біз ТКШ, ЖЭО, учаскелік инспектор және көршілердің қатысуымен пәтерді бұзып ашамыз. Тағы бірнеше күн күтеміз.

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.