Атырау, 26 сәуір 12:33
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тартысты ойындағы тамаша жеңіс

1 871 просмотра

25 тамызда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» футбол командасы тартысты өткен матчта «Таразды» 3:2 есебімен ұтты.

Командалар тартымды ойын өрнегін көрсетті. 13-минутта өз айып алаңдарында қолмен ойнағаны үшін төреші қонақтар қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Пенальтиді Милош ТРИФУНОВИЧ голға айналдырды. Бес минуттан кейін тараздық Тимур ДОСМАҒАНБЕТОВ қақпаға жақын жерден белгіленген айып добын шебер орындап, есепті теңестірді. Ол осындай жойқын соққысымен бірінші таймның соңында «Атырау» қақпасына тағы бір гол соқты. Қақпашы  Андрей ШАБАНОВ бұл соққыны да қайтара алмады.

Үзілістен кейін атыраулықтар ойынды құтқарып қалуға тырысып, толассыз шабуылдарға көшті. 53-минутта команда капитаны Ринат АБДУЛЛИН алаңға жаңа шыққан Алексей ШАКИНГЕ керемет пас шығарып, шабуылшы әдемі соққымен есепті теңестірді. Екі минуттан кейін стадион тағы да қуанышқа бөленді – Марко БЛАЖИЧТІҢ пасынан кейін алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Андрей КАРПОВИЧ жеңіс добын соқты. Қонақтар есепті теңестіруге тырысып, толассыз шабуылдағанмен, есеп сол күйінде қалды.

Осы турдан кейін «Атырау» командалардың екінші алтылығында бірінші орынға шықты. Алайда, Премьер-лигадағы қаламыз деуге әлі ертерек. Өйткені командалардың ұпайлары өте алшақ емес.

Чемпионатта әлі екі тур ойналады. 1 қарашада «Атырау» сырт алаңда семейлік «Спартакпен» ойнаса, 9 қарашада өз алаңында қостанайлық «Тоболмен» кездеседі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ     

27 қазан 2014, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.