Атырау, 26 сәуір 06:32
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қоршау ішіндегі спорт

1 865 просмотра

– Өткен жылы педагогикалық колледж жанына тренажерлар орнатылды. Оны оқу орнының студенттері де, жақын маңдағы Азаттық даңғылы бойындағы №134, №136, №138 үйлердің тұрғындары да пайдаланатын. Таяуда колледж әкімшілігі осы тренажерларды қоршап тастады. Енді оқу орнының қарауылы бізге тренажерларда жаттығуға рұқсат бермейтін болды. Тренажерлардың колледжге ме, әлде қалаға ма, кімге тиесілі екенін анықтауға көмектессеңіздер екен.

Телефон арқылы

Сұраққа колледж директоры-ның міндетін атқарушы Ақма-рал ІЗҒАЛИҚЫЗЫ жауап берді:

– Тренажерлар колледждің иелігінде, олар дене шынықтыру мен спорт пәні оқытушыларын дайындау үшін арнайы орнатылған.

Қалалық ТКШ бөліміндегілер тренажерларды студенттер оқуын ұйымдастыру үшін колледждің сатып алғанын және оның оқу орнының балансында екенін растады.

23 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.