Атырау, 18 мамыр 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Үздік баяншылар

2 640 просмотра

Италияда өткен халықаралық музыкалық байқауда Н. Жантөрин атындағы филармония әртістері Өмірғали БАУБЕК пен Ерік КӨШЕРОВ 1-ші және 2-ші орындарды жеңіп алды. 

Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясының 4-курс студенттері екі жылдан бері филармония ансамблінде жұмыс жасайды. Сондықтан да осы мекеменің әкімшілігі олардың осындай беделді байқауға бару сапарларын ұйымдастырды. 18 жастағы студенттер ол жерде тек Атыраудың ғана намысын қорғаған жоқ.

- Ланчано қаласында дәстүрлі, осымен 24-ші рет өткізіліп отырған байқауға Латвия, Бельгия, Ресей, Украина және басқа да елдерден музыканттар жиналды. Қазақстаннан тек менің шәкірттерім ғана барды, - дейді дуэттің жетекшісі және академиядағы оқытушысы Ерболат КАМАЛИДЕНОВ. – Бұл жеңіс филармония директоры Ғаділ ДҮЙСЕНҒАЛИЕВТЫҢ арқасында ғана мүмкін болды. Ол филармонияда баяншылар ансамблін құрып, қажетті аспаптар, анау-мынау емес, әлемде үздік болып саналатын «Юпитер» фирмасының баяндарын сатып алып беруге мұрындық болды. Біз сенімді ақтадық және енді бұдан да жоғары деңгейлерді бағындыруды жоспарлап отырмыз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.