Атырау, 18 мамыр 16:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Құшақ жая қарсы алды

2 599 просмотра

Қыркүйек айының аяғында Қазақстан мен Ресей өңіраралық ХІ ынтымақтастық форумы аясында Атырауға дирижер Елена СЕРЕДИНЦОВАНЫҢ жетекшілігімен Вячеслав Махов атындағы Астрахан орыс ұлт-аспаптар оркестрі келді.

- Қалаларыңызға өте қиын жағдайда келдік, жол үстінде 12 сағат жүрдік. Алайда осы қиыншылықтардың барлығын атыраулықтардың бізді қуана қарсы алғаны, концерттің тамаша өтуі, көрермендердің ықыласынан алған ләззатымыз шайып кетті. Көрермендер көп болмады, алайда барлығы да ақжарқын, ілтипатты, біз таңғалдық,- дейді оркестрдің концертмейстері Элина ВЛАСОВА.

Кейін анықтағанымыздай, әртістер мінген автобусты үй иелері Атырауға 15 шақырым қалған жерден күтіп алған. Ұлттық киім киген қыздар ресейліктерді шұбат, бауырсақпен қонақтап, қалаға ілестіріп келді.

Махов атындағы оркестр – Ресейге әйгілі музыка ұжымы, олармен бірге әр кезде керемет әншілер, Ресейдің халық әртістері өнер көрсеткен.

- Қазақстанда бірінші рет болып тұрмыз,- деп сөзін жалғастырды Э. Власова. – Біздің бағдарламамыз «Из России с любовью» деп аталады және оған В. Городовскийдің «Увертюра на темы песен Астраханского края»,  Г. Шендеревтің «Русская рапсодия» және басқа да шығармалары кірді.  

Романстар мен әндерді халықаралық және бүкілресейлік байқаулардың лауреаттары Ольга Бочкарёва, Александр Тюпа, Леонид Бутаков, Шамситдин Мирзоев және Сергей Кичигиндер орындады.

Ал бұл кезде Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияның әртістері Астраханға барып, «Көп ұлтты Астрахан» ашық фестивалінде сәтті өнер көрсетті.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

6 қазан 2014, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.