Атырау, 26 сәуір 14:16
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Жария ету» операциясы

2 048 просмотра

– Мүлікті жария ету барысында пәтердегі қайта жобалауды заңдастыруға бола ма? Пәтерімізді қайта жобалап қойдық, ал құжаттарымыз жоқ. Жалпы пәтерді заңдастырған жөн бе?

– Банктердегі депозиттерді заңдастыру керек пе?

azh.kz сайтынан

Сұраққа мүлікті жария ету жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Серік НЫСАНБАЕВ жауап берді:

– Егер ішкі қайта жобалау кезінде пәтердің жалпы алаңы өзгерген жағдайда ғана қайта жобаланған пәтерді заңдастыру қажет. Ол үшін мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға келіп, қажетті құжаттарды тапсыру керек. Көппәтерлі тұрғын үйдің кіре берісіне жалғама салу есебінен орын алған қайта жобалаудағы өзгерістер жария етуді қажет етпейді. Егер пәтер сізге рәсімделген болса, техникалық төлқұжатына сай келсе және әділет департаментіне тіркелген болса, онда оны жария етудің қажеті жоқ.

Ұлттық банктің сайтында депозитарлық құралдар туралы былай делінген. Алынатын кірісті (ақшаны) жүргізілетін рақымшылық шеңберінде жария ету мүмкін болатын қызметтің негізгі түрлері мыналар болып табылады: 

1) ресми тіркелмеген (тіркеусіз, лицензия алусыз және с.с.) және тиісінше салық салынбаған кәсіпкерлік қызмет;

2) алынған кірісі әр түрлі тәсілдермен (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте тиісті операцияларды көрсетпеу жолымен,  салық декларациясында тиісті кірістерді көрсетпеу жолымен,  ақшаны шетелге экспорт-импорттық келісімшарттар бойынша шығару жолымен және с.с.) салық төлеуден жасырылған ресми тіркелген кәсіпкерлік қызмет.

Бірқатар қылмыстар мен құқық бұзушылық жасау, оның ішінде: 

жеке адамға, отбасына және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және имандылыққа, басқару тәртібіне, сот төрелігіне және жазаларды орындау тәртібіне қарсы қылмыстар;  экологиялық, көліктік, әскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда;  жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау және өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу, инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нәтижесінде алынған ақша жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар оған құқықтары сот тәртібімен дауланатын не несиелер ретінде алынған ақша рақымшылыққа жатпайды. Жинақ шотындағы жария етілетін ақшаның сақталуына белгiленген тәртiппен кепілдік беріледі.

Мемлекет «Мүлікті жария ету туралы» заңға сәйкес, ақшалай қаржылар мен бағалы қағаздарды жария етуде құпиялылықты қамтамасыз етеді.

Мемлекеттiк органдар, ұйымдар, оның ішінде қаржылық ұйымдар және олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын ҚР заңдарында көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті.

25 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.