Атырау, 18 мамыр 17:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Корей поп-музыкасының мерекесі

3 962 просмотра

Өткен демалыс күндері Құрманғазы  атындағы Мәдениет сарайында Батыс Қазақстанның I K-Pop фестивалі өтті. Оған қатысу үшін қаламызға Ақтау мен Ақтөбеден өнерпаздар келіп, мереке тамаша өтті.

K-pop – Оңтүстік Кореяда пайда болған және батыс электропопы, хип-хоп, би музыкасы мен заманауи ритм-н-блюз элементтерін қамтитын музыкалық жанр. K-pop – тек музыка ғана емес, бүгінде ол дүние жүзі жастарының арасында миллиондаған табынушылары бар, оңтүстіккореялық заманауи сән мен стильге бейім танымал қосалқы мәдениетке айналған. Тинейджерлер қатарындағы көрермендер санына қарағанда Атырауда K-pop-тың едәуір танымал екендігін байқауға болады.

Фестиваль Атырау корей этномәдени «Тхониль» бірлестігінің, Алматы Корей мәдени орталығы мен TEAMDREAM корпорациясының бастамасымен және қолдауымен өтті.

– Жастардың көпшілігі заманауи оңтүстік кореялық мәдениеттің табынушылары болып табылады және К-рор табынушыларын біріктіру идеясы көптен бері ойда жүрген еді, - дейді TEAMDREAM корпорациясының басшысы Александр ЛИ.–Олардың өз сүйікті әндері, билері мен пір тұтатын тұлғалары бар.

Фестивальдың байқау бөлігі басталар алдында мереке қонақтары оңтүстіккореялық меймандардың бірнеше шеберлік дәрістеріне қатысты. Бұл кимаб – корей роллін дайындау. Дайындап болған соң дәмін татып көрді. Корей иероглифтерін жұқа пергаментте үлкен қылқаламмен жазуды байқап көргісі келетіндер көп болды. Әдемілеп жазу нәзік өнер болып табылады. Тіпті Кореяда да ол көпшілігінің қолынан келе беремйді. Бұл жерде жастар ұлттық корей ойындарында өз күштерін сынап көріп, ұлттық киімдерді кип көрді.

Байқаудың өзіне 11 орындаушы мен ұжым қатысты. Олардың әрқайсысы өз өнерінен шағын болса да есте қаларлық шоу жасауға тырысты. Нәтижесінде қазылар алқасы 3-орынды 2 heart (Ақтөбе қ.) пен Pink Caramel (Атырау қ.), 2-орынды – TOXIC (Атырау қ.), 1-орынды ақтөбелік A2F ұжымына берді. Ал кореялық «Всё хорошо, это любовь» кинофильмінен Best luck әнін орындаған Атыраудың жас тұрғыны Алтынай ДАИРОВА гран-при иегері атанды. Жүлдегерлердің бәрі бағалы және ақшалай сыйлықтар алып, Алтынай Корея Республикасына бару жүлдесіне ие болды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

23 қыркүйек 2014, 12:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.