Атырау, 26 сәуір 14:48
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Көшпенділердің дүниежүзілік ойындарын өткізген соң Қырғызстан бюджеті $10 млн-ға толықты

1 561 просмотра

Фото: bnews.kzФото: bnews.kzАлматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Қырғызстан бюджеті дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізген соң $10 млн-ға толықты, деп хабарлады ҚырТАГ.

«Шетелдік туристер - $1,8 млн (кіріс әкелді – ҚазТАГ). Әр турист орташа алғанда 1 турға $400 жаратады (ойындар кезеңінде жүргенде – ҚазТАГ). Ішкі туристер - $8,1 млн. Ішкі туристер орташа алғанда турға $200 жаратады. Елдегі және Ыстық көл өңіріне ойындардан келген жалпы кіріс – $9,9 млн. болды. Егер ойындарды өткізуге 102 млрд сом жаратылғанын ескерсек, бірінші ойындар үшін бұл жаман емес, деп ойлаймын», - деп жазыпты өзінің Facebook-тегі парақшасында ҚР мәдениет, ақпарат және туризм министрінің орынбасары Мақсат Чакиев.

Ондағы бар ақпарат бойынша, көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына 45 мың адам қатысты, олардың ішінде әр ойныншы - шетелдік азамат болды.

«Туризм департаментінің мәліметтерінше, ойындарға 45 мың адам қатысты. Ойындардың салтанатты ашылу рәсімінде ғана ипподромда 15 мың адам қатысты. Олардан 10% (4-4,5 мың адам) шетелдік туристер болды», - деді М. Чакиев.

Еске салсақ, көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Қырғызстанда 9-14 қыркүйекте өтті. Оған әлемнің 19 елінен спорттың 10 түрінен 430 спортшы делегация қатысты.

Қазақстан құрамасы 28 медаль, оның ішінде 10 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 қыркүйек 2014, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.