Атырау, 26 сәуір 14:23
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Азаматтық мәселе

2 977 просмотра

– Ұлым мен келінім АҚШ-та үш жыл оқыды. Өткен жылы ұлдары дүниеге келді. АҚШ заңы бойынша ол автоматты түрде сол елдің азаматтығын алды. Биыл шілдеде ұлым отбасымен үйге оралған еді. Ол мекен-жайға тіркелу үшін ХҚКО-ға барғанда ондағылар көші-қон полициясына сілтеген. Ал, көші-қон полициясындағылар тек таяу шетелден келгендерді ғана тіркейтінін, алыс шетелмен облыстық ІІД айналысатындығын айтқан. Облыстық ІІД-дегілер баланы 16 жасқа толғанша, оның өздігімен азаматтығын таңдау құқығы басталғанша тіркей алмайтындықтарын айтқан. Ұлым адвокатқа жүгінді. Ол облыстық ІІД-нің балаға мекендеу қағазын беруге міндетті екенін растады. Алайда, ІІД-гілер тағы да бас тартты. Ал, сәбидің ата-анасына әлсін-әлі емханадан медбике хабарласып, оны амбулаториялық есепке қою үшін ЖИН мен баланың тіркелген мекен-жайын атауды сұрайды. Біз енді не істейміз?

 

azh.kzсайтынан

Сұраққа облыстық ІІД бастығының орынбасары Нұрым ОРАЗБАЕВ жауап берді:

– ҚР ІІМ 2013 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидасының 2-тарауының 7-тармағына сәйкес, ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасының аумағында заңды негіздерде жүрген шетелдіктер уақытша тіркеу жері бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне өздері береді. 16 жасқа толмаған немесе қабілетсіз болып табылатын жанның өтінішін ата-анасының бірі немесе заңы өкілі береді.

Шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты (мекендеу қағазы) ҚР аумағында тұрақты тұратын 16 жасқа толған шетелдiктерге 10 жылға мерзімге, бірақ оның азаматтық алған елiпаспортының қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге берiледi. Кәмелетке толмаған бала үшін ЖИН алу мәселесі бойынша ата-анасына салық органдарына жүгінген жөн.

ДайындағанМұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.