Атырау, 8 мамыр 19:53
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Сарыөзекте қарасора плантациясы табылды

4 432 просмотра

11 қыркүйекте кешкісін Атырауда Сарыөзек маңындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері қарасора плантациясын анықтады.

Учаскеден қарасораның 91 бұтасы анықталды. Сарайдан сатуға дайын тұрған салмағы 3,2 келі марихуана табылды. Плантациядан ұсталған 33 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін Атырау қаласының тұрғыны жедел топ қызметкерлеріне қара сораны екпегенін, оның өзі өскенін, ал үш келі нашаны өзі қолдану үшін жинап алғанын мәлімдеді.

Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 259-бабы («Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату») және ҚР ҚК-нің 262-бабы («Құрамында есiрткi заттар бар тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру») бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ұсталушының шаруа қожалығының қожайындарына еш қатысы жоқ екен және олардың бейхабар екендігін пайдаланған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қыркүйек 2014, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.