Атырау, 18 мамыр 17:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Париж аспанының астында

2 313 просмотра

Алтын Жұматинаның жетекшілігімен облыстық филармония жанындағы вокалды үйірменің шәкірттері халықаралық шығармашылық «Le ciel de Paris» («Париж аспанының астында») фестивалінде бірқатар жүлделі орындарға ие болды.

Франциядағы биыл 190 жыл толатын және әр уақытта ұлы әншілер Лара Фабиан, Эдит Пиаф және Софи Марсо өнер көрсеткен көне театрлардың бірі «Theatre du Gymnase Marie Bell»-де өткен фестиваль вокалды, би, цирк, аспаздық өнер бойынша сайысқа түскен Францияның, Қазақстанның, Ресейдің, Тәжікстан мен Украинаның 6-дан жоғары жастағы балаларының басын қосты. Қазылар құрамында әнші Mr. Mic E, хореограф Alice Banguil мен композитор Helen Berger болды. 11-14 жастағы вокалшылар сайысында «Атырау» ансамблі (Аида Өмірғали, Данагүл Зұлханова, Айшабибі Жанбала, Жазира Мұстафина және Алма Мадхат) жеңіске жетті. А.Мадхат 10-12 жастағы жеке орындаушылар арасында өнер көрсетіп, тағы бір бірінші орынды әкелді.

6-8 жастағы жеке орындаушылар арасында Ақмарал Асланбекқызы және Арсен Жоланов пен Ақмарал Асланбекқызының дуэті екінші орынды иеленді. 13-15 жас аралығында Данагүл Зұлханова мен Айпара Шапиеваға үшінші орын бұйырды. Балалар қазақ, орыс авторларының әндерін, сондай-ақ, термелерді орындады. Байқаудан кейін француз әншісі, теледидарлық «Невероятный талант» конкурсына қатысушы Mr. Mic E жас әншілермен «Денені физикалық қысымнан босату арқылы вокалға үйрету және вокалиске қажетті әндетуді үйрету» тақырыбында  мастер-класс өткізді. Байқаудан демалған күндері балалар Диснейлендті, Лувр мен Версаль сарай-мұражайларын тамашалады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет А.Жұматинанікі

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.