Атырау, 26 сәуір 14:18
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Шаттыққа» қашан жан кіреді?

2 253 просмотра

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.Махамбет ауылына қарасты «Шаттық» мөлтек ауданындағы отыз шақты үй алты жылдан бері газсыз, ауыз сусыз отыр.

- Бізге көгілдір отын арман, әлі күнге дейін үйлерімізді қи жағып жылытамыз. Суды тасып ішіп отырмыз. Әсіресе, қыста қиын. Жарықты да уақытша пайдаланудамыз, -дейдімөлтек аудан тұрғындары.

Тұрғындар жергілікті әкімдікке талай рет арызданған. Әзірге бәрі де нәтижесіз.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН:

- Мөлтек ауданның инфрақұрылым мәселесінің қаржы тапшылығынан әзір шешілетін түрі жоқ. Кезінде, неге екені белгісіз, «Ақ бұлақ» бағдарламасына бұлар кірмей қалған. Енді алдағы уақытта мұнда ауыз су құбырын тартудың амалын қарастырудамыз. Ал, газдың жобалық-сметалық құжаты дайын. Қаржы мәселесі шешілсе, мөлтек аудан келесі жылы-ақ газбен қамтылуы мүмкін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 тамыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.